Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ғабит Қойшыбаев Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғабит Қойшыбаев
Фото: Gov.kz

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев 1972 жылы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ағылшын, қытай, жапон тілдерін меңгерген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясында оқыған.

Мансап

- 1994 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді.

- 1994-2011 жылдар кезеңінде Орталық аппарат пен ҚР шетелдегі мекемелерінде әртүрлі қызметте болған.

- 2011-2014 жылдары Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулы (ҚХР).

- 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында басшылық лауазымда болған.

- 2016-2019 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

- 2019-2022 жылдары ҚР Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

- ҚР Президентінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі жарлығымен ҚР Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Дипломатиялық ранг: II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетіні айтылды.

Еске салсақ, жақында Kazinform агенттігі жаңа «Мәлімет» жобасын іске қосты. «Мәлімет» − Қазақстанның медианарығында алғаш рет ұсынылған жаңа айдар, онда саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтері жарияланады.

Соңғы жаңалықтар