Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд $ болжы. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан.

сауда айналымы
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, экспорт көлемі 24 млрд $, ал импорт көлемі 20,9 млрд $ болды.

Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $), Германия (1 млрд $), АҚШ (0,9 млрд $) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) бар.

Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Түрікменстан сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізуді көздейді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асты.