Қазақстанның сыртқы саясатының 2026 жылғы басым міндеттері айқындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Сыртқы істер министрлігі 2025 жылды нәтижелі аяқтап, алдағы міндеттерді белгіледі.

МИД РК ҚР СІМ
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Сыртқы істер министрлігінде өткен салтанатты іс-шара барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ермек Көшербаев министрліктің биылғы жылғы қызметінің негізгі қорытындыларына тоқталып, 2026 жылға арналған жоспарларды айқындады.

Көшербаев
Фото: СІМ

СІМ басшысы 2025 жыл стратегиялық серіктестіктерді нығайту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық қауіпсіздікті арттыру және ел мүдделерін жан-жақты ілгерілету бағытындағы дипломатиялық қызметтің белсенді әрі нәтижелі кезеңі болғанын атап өтті.

Ведомствоның жұмысы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары — егемендік пен қауіпсіздікті нығайтуға, шетелдегі ҚР азаматтарын қолдауға және көпжақты форматтар шеңберінде сындарлы ынтымақтастыққа негізделді.

Е.Көшербаев 2026 жылға арналған басым міндеттерді де айқындады.

— Олардың қатарында экономикалық дипломатияны дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету, — деді Көшербаев.

СІМ ұжымы
Фото: СІМ

Министр СІМ ұжымына келер жылы жаңа кәсіби табыс, амандық пен береке тіледі.

Бұдан бұрын Сыртқы істер министрлігіне дактилоскопиялық тіркеу өкілеттігі берілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар