Қазақстанның төртінші ғарышкері қашан ғарышқа аттанады – Бектенов жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанның төртінші ғарышкерін ұшыруға қатысты сауалына жауап берді.

Қазақстандық ғарышкерлердің қатысуымен өтетін халықаралық ғарыш бағдарламаларының жобаларына келетін болсақ, олар ұлттық және халықаралық тұрғыдан орынды болатын жағдайларда іске асырылатынын атап өткен жөн. Басқарылатын бағдарламаларға қатысу қомақты қаржы шығындарын талап етеді,- деді Премьер-Министр жауабында.
Оның атап өтуінше, оған тек ұшудың өзі ғана емес, сонымен қатар ғарышкерді даярлау, ғылыми бағдарлама, логистика және ұшудан кейін қызмет көрсету кіреді.
- Осыған байланысты төртінші қазақстандық ғарышкердің ұшуын жүзеге асыру мәселесі мейілінше салмақты және прагматикалық тәсілді талап етеді. Жобаның өзектілігі мен негізділігі расталған жағдайда тиісті іс-шаралар белгіленген тәртіппен халықаралық міндеттемелерді сақтай отырып және елдің қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып іске асырылатын болады, - деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады.
Бұған дейін «Байқоңыр» кешенінде Туризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жазған едік.