Қазақстанның 2012 жылғы бюджеті қысқаруы мүмкін - Кәрім Мәсімов
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2012 жылғы бюджеті қысқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Республикалық бюджет комиссиясында егер де мұнай бағасы жылдың екінші жартысында 1 барреліне 50 долларға дейін құлдыраған жағдайда қаржыны үнемдеу нұсқасын дамыту тапсырылды. Бұл фантастикалық емес, айтарлықтай шынайы сценарий», - деді Премьер-Министр.
Оның сөзіне қарағанда, қолайсыз үдерістердің сақталған жағдайында биылғы қыркүйекте Үкімет Парламентке 2012 жылғы бюджетті азайту тұрғысында қайта қарау бойынша ұсыныс жасауы мүмкін.
Сонымен қатар К. Мәсімов 2013 жылғы республикалық бюджетті жобалау кезінде мұнай бағасының төмендеуі де ескерілетінін ескертті.