Қазақстанның 4 қаласында жол-көлік ережелерінің сақталуын жаяу жол полицейлері қадағаламайтын болды - ҚР ІІМ

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Өскемен қаларының көлік жүргізушілері үстіміздегі тамыз айының 1-інен бастап жолдар бойынан ала таяқ ұстаған жол полицейлерін кездестірмейтін болды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ-де өткен апталық брифингте ведомство басшысының баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,

Қазақстанның 4 қаласында жол-көлік ережелерінің сақталуын жаяу жол полицейлері қадағаламайтын болды - ҚР ІІМ

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қ.Жұмановтың айтуынша, ІІМ жол полициясының бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру мақсатында тамыздың 1-інен бастап Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Өскемен қалаларында жол қозғалысын қадағалауды тек қана автопатрульдеу әдісімен жүргізу тәжірибесі енгізілді.

 «Эксперимент ретінде енгізіліп отырған әдістің арқасында көлік ағымының арасынан тиімді түрде жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың жолын кесуге, қазіргі заманғы техникалық құралдарды, атап айтқанда, көлік құралдарын мемлекеттік номерлері бойынша сәйкестендірудің мобильді кешенін кеңінен қолдануға болады», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ішкі істер органдары инспекторларды жолға шығармау арқылы жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын төмендетеміз деген үмітте.