Қазақстанның аэроұтқыр күштері әскеріне 10 жыл толды

Шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылары мен Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысы, Аэроұтқыр күштерінің ардагерлері, елшіліктердің әскери атташелері, Алматы қаласының әкімшілігінің өкілдері қатысады.
Шара әскери сапқа тұрумен, Аэроұтқыр күштері әскерінің қолбасшысы Әділбек Алдабергеновтың мереке құрметіне арналған бұйрығын оқудан басталмақ. Мерекелік шара барысында барлаушылар тобының әскери көрсетілімдері, парашюттен секіруден Аэроұтқыр күштері мен Әуе қорғанысы күштері арасында спорттық сайыс, қара қолдану арқылы жекпе-жек түрлерінен сайыс өткізілді.
Қазақстанның аэроұтқыр күштері 2000 жылы шілденің 6 күні ҚР Президентінің жарлығымен құрылған болатын. Аэроұтқыр күштерінің ең биік жетістігі ретінде «Қазбат» батальонының Ирактағы бейбітшілік күштері қатарында 2003, 2008 жылдары әскери міндет өтуін атап өтуге болады. Өз міндетін өтеу кезінде «Қазбат» сарбаздары Ирак аумағын 4 миллион снаряд пен жарылғыш заттардан тазартқан. Бүгінде Аэроұтқыр күштері ҚР Құрлық әскерінің құрамына кіреді.