Қазақстанның ағымдағы жылғы ЖІӨ өсімі 1,5 пайыз деңгейінде болжануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ағымдағы жылғы жалпы ішкі өнім өсімі 1,5 пайыз болуы мүмкін. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің бас экономисі Кристос Костопулос білдірді.
None
None

«Қазіргі уақытта біз осы жылғы өсім қарқынын 1,5 пайыз деңгейінде қарастырып отырмыз. Біздің пайымызша, 2017 жылға қарай өсім қарқыны біртіндеп қайта қалпына келіп, 3 пайызды құрауы тиіс», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Сонымен қатар ол экономика өсіміне қол жеткізу үшін мемлекет өзінің оған қатысу рөлін барынша төмендетуі қажет деп санайтындығын атап өтті. «Сонымен қатар біз болжамның жүзеге асырылуы үшін көптеген реформалар орын алады деп күтеміз», - деді К.Костопулос. Дүниежүзілік банк экономисі Қазақстанның жаңа ақша-несие саясаты ел экономикасы кірісінің шынайы төмендеуін ескеретіндігін және теңгенің қазіргі айырбас бағамы мұнай бағасын қаперге алар болсақ, мұнан да біршама төмен болуы тиістігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар