Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде үздік әскери қызметшілерді анықтады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы 29011 әскери бөлімінде ҚР Әскери-теңіз күштерінің старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаевтың басшылық етуімен ҚР ӘТК үздік старшинасы және технигі атағына байқау өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінен.
None
None

Байқауға келісімшарт қызметінің матросынан бастап дивизион старшинасы, командалық буын старшинасы және Қазақстанның суүсті корабльдерінің боцмандарына дейінгі әскери қызметшілер қатысты. Турнир екі кезеңде - жағалаулық және теңіздік кезеңдерде өтті. Әскери қызметшілер жеке құрамды корабльге орналастыру, корабльде сын кезінде рейдтік қызметті сақтау және техникалық құралдарды пайдалану ережелерін сақтау, сондай-ақ корабльдің зәкірлік, тартқыш және тиеу құрылғыларының бүтін жай-күйі мен әзірлігін сақтау мәселелерінде барынша шеберліктері мен дағдыларын көрсетулері тиіс болды. Байқаудың екі кезеңінің қорытындысы бойынша 10 үздік әскери қызметші айқындалды. Олар: электр механикалық, зымыран-артиллериялық, штурмандық жауынгерлік бөлімдер мен радиотехникалық құралдар мен байланыс жауынгерлік бөлімінің техниктері мен старшиналары болды. Үздік корабль старшинасы 3-сыныпты старшина Т.Күшкінбаев, үздік боцман 3-сыныпты старшина Б.Медетов болып танылды. ҚР ҚК ӘТК старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаев атап өткендей, мұндай іс-шаралар күнделікті тыныс-тіршілікті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамға басшылық ету және корабльді құрылғыларды пайдалану мәселелерінде старшиналық құрамның білімі мен машығын анағұрлым арттырады.

Соңғы жаңалықтар