Қазақстанның Әуе қорғанысы күштеріне 400 сарбаз қабылданды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 44803, 20709 және 44841 әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметке шақырылған 400 жас әскери қызметші салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына қабылданған жас сарбаздар Отан алдындағы қызметін адал атқаруға, елімізді шетел әуе шабуылынан қорғау үшін қасиетті әскери борышын орындауға ант берді. Әскери ант қабылданғаннан кейін сарбаз алдында армияның нағыз әскери қызметі басталмақ. Олар тиісті лауазымдарға тағайындалады.

44841 әскери бөлімі Әуе қорғанысы күштеріне тікелей бағынысты бөлім, ал 44803 және 20709 әскери бөлімдер ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамына қарайды. Сондықтан мерзімді қызметін өтеуге келген жас сарбаздарды әскери істің, саптық және дене даярлығының негізін зерделеуге ғана емес, сонымен қатар бұл жерде ӘШҚҚ әскерлерінің қару-жарағымен, әскери техникасымен жұмыс жасауға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскері ретінде мақсаттары мен жауынгерлік міндеттерінің ерекшеліктерін тереңдете үйретеді.

«Жыл сайын Қарулы Күштерде әскерге шақыру контингентінің сапасы артып келе жатқанын айта кеткен жөн. Бүгін армия қатарына ойлау қабілеті дамыған, моральдық тұрғыда берік, денсаулық жағдайы бойынша жүз пайыз әскери қызметке жарамды жастар келеді. «Күз-2015» науқанында әскерге шақырылған жастардың 30 пайызы жоғары білімді, ал қалған 70 пайызының арнаулы орта білімі бар», - делінен министрлік ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар