Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігі Бакудегі бауырластар зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Бұл күн Әзірбайжанда ресми мемлекеттік мереке етіп жарияланған. Жеңіс күні жұмыс істелмейтін күн болып табылады.
Бұл күні әдеттегідей Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен өтетін Жеңіс күніне арналған салтанатты рәсім болады деп күтілуде.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығында жыл сайынғы бауырластар зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі мереке шараларының біріне айналды.
Шараға Әзірбайжанда аккредиттелген ТМД елдерінің елшілері, парламент депутаттары және соғыс ардагерлері қатысты. Қазақстан Елшілігі бұл шараға толық құрамда атсалысты.
Сөз сөйлегендер ТМД елдерінің жеңіске қосқан үлкен үлесін атап өтті. Атап айтқанда, соғыс жылдарында бауырлас кеңестік Әзірбайжанның аумағында 87 батальон, 1 123 өзін-өзі қорғау жасағы, бес дивизияның құрылғаны айтылды. Әскери қызметке 600 мыңнан астам адам шақырылды, олардың жартысы майданнан оралған жоқ. Әзірбайжанның 170 мың тумасы ордендер және медальдармен марапатталды, республиканың 128 азаматы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.