Қазақстанның банк жүйесінде ағымдағы мәселелелер менеджерлер үшін жаңалық емес ? Михаил Ломадзе

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның банк жүйесінде ағымдағы мәселелер менеджерлер үшін жаңалық емес. Оған дайындық бізде ерте қолға алынды. Оны Kaspi bank-нің басқарма төрағасы Михаил Ломадзе бүгін БАҚ өкілдерімен болған кездесуде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның банк жүйесінде 2007 жылдың орта шенінен бастап көптеген шаралар қабылданды. Сондықтан қазіргі ахуал банк менеджерлері, қаржы жүйесін реттеушілер мен мемлекет үшін жаңалық емес. Оған дайындық бізде ертерек қолға алынған болатын. Сыртқы нарықтың ықпалы қозғалыс тұрғысынан алғанда тек несиелендіру қарқыны мен оның қоржынының сапасы сияқты көрсеткіштерден көрінеді. Сыртқы нарықтың тарылуына байланысты бәсекелестікте басымдық енді ішкі ресурстардың тартымдылығында жоғары болады. Бұл ағым қандай да бір банктің кірісіне қаншалықты ықпал жасайтынын айту қиын. Әйтсе де қазіргі таңда барлық банктер оған жақсы бейімделуде. Бизнес моделдерін өзгертті, шығыстарын қысқартты, сыртқы борыштарын өтеді және тағы басқа деген сияқты», дейді Kaspi bank-нің басқарма төрағасы Михаил Ломадзе. Жалпы Қазақстанның банк жүйесін Ресеймен салыстыру өте қиын. М. Ломадзенің айтуынша, Ресейде 2 мыңға жуық банк бар. Алайда, олардың басым бөлігі қалыпты жағдайда жұмыс жасаған жоқ. Компаниялар мен түрлі топтардың қалтасында болды. Сол себепті банктердің саны да жыл өткен сайын азайып келе жатыр. Ағымдағы бұл ахуал олардың қатарын біршама тазалауға мол мүмкіндік беріп отыр.
Соңғы жаңалықтар