Қазақстанның барлық өңірі өзара сауда жасауы тиіс - Н. Назарбаев

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлері өзара сауда жасауы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

Өңірлік интеграция мәселесіне тоқталған мемлекет басшысы, барлық аймақ өзара сауда жасауы тиіс екенін, яғни, өңірлер өздерінің көршілерімен сауда айналымын ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Бұл тұрғыда Елбасы топтасудың реті жоқ екендігін ескертті. «Барлық облыстар бұл іспен өздері айналысып, әрқайсысы нарықты өздері іздестірулері керек. Біздегі халық көп емес, нарық жеткілікті», - деді Президент.

Осы орайда Н. Назарбаев Қазақстан интеграцияға, кедендік одақ аясында тиісті жұмыстарды атқарып жатқандығын сөз етті.

Соңғы жаңалықтар