Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның барлық өңірінде онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өтуде

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат -  Обырға қарсы дүниежүзілік күрес күні аясында 1-10 ақпан аралығында Қазақстанның барлық өңірінде онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өткізілуде,-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның барлық өңірінде онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өтуде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен қатерлі ісікке қарсы Халықаралық одағы Обырға қарсы дүниежүзілік күрес күнін 2006 жылдың 4 ақпанынан бастап жыл сайын өткізіп келеді. Осы күні Қазақстанның және бүкіл әлем дәрігерлері онкологиялық ауру - жаһандық және аса маңызды мәселе екендігін халықтың есіне салады.

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша онкологиялық аурулардың 10 миллионға жуық жаңа оқиғасы анықталып, 8 миллионға жуық науқас қайтыс болуда. Қатерлі ісікке шалдығу және оның салдарынан қайтыс болу бүкіл әлем бойынша 2020 жылға қарай 1,5-2 есе артпақ. Осы ауруға шалдығу негізінен ерлер арасында жеңіл және колоректалды обырдың, ал әйелдер арасында сүт безі және жатыр мойны обырының есебінен арта түспек.

Халықаралық зерттеу мәліметтеріне сәйкес, қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелетін себептерге шылым шегу (30 пайыз), дұрыс тамақтанбау (35 пайыз), жұқпалы факторлар (10пайыз), кәсіби канцерогенді әсер етулер (4-5 пайыз), иондық сәулелену (4-5 пайыз), ультракүлгін сәулелену (2-3 пайыз), ішімдікті пайдалану (2-3 пайыз), ауаның ластануы (1-2 пайыз), дене белсенділігінің төмендігі (4-5 пайыз) секілді өмір сүру салты және қоршаған орта факторлары жатады.

Заманауи скринингтік тексеруден өту және медициналық қызметкерлердің онкологиялық ауруларға қатысты қырағылығын арттыру арқылы онкологиялық ауруларды ерте бастан анықтау мәселесі аса маңызды болып табылады. Ісікті ерте сатысында анықтау науқасты тиімді емдеп, оның толығымен сауығып кетуін арттыратыны дәлелденген жайт. Алайда сырқаттанушылардың 50 пайызы ауруға шалдығудың 3-4-інші кезеңінде мамандардың көмегіне жүгінеді.

Обырға қарсы дүниежүзілік күрес күнінде Қазақстанның барлық аймақтарында 1 ақпаннан бастап 10 ақпан аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі. Мақсаты - онкопатология ауыртпалығын төмендету жөніндегі жаһандық мәселеге қоғамның назарын аударту, республика халқының, медициналық қызметкерлердің онкологиялық ауруларды алдын алу және ерте анықтау мәселесіне қатысты білімін арттыру, халықты скринингтік тексерулерден өтіп тұру қажеттілігі жөнінде ақпараттандыру.