03:14, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Қазақстанның баскетболдан жасөспірімдер командасы Азия чемпионатына жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Науаи қаласында Азия чемпионатына жалғыз жолдама ойналған кәсіби жарыстар өтті. Біздің баскетболшыларымыздың қарсылас командалары ретінде Түркіменстан спортшылары мен алаң иелері шықты. Бас жаттықтырушы Алексей Еропкиннің қарамағындағы ойыншылар кезекті рет өздерінің басымдығын танытып, екі ойынды да сенімді өткізді.

Бірінші ойында біздің құрама Түркіменстан құрамасын 76:50 есебімен ұтты. Негізгі ойын өзбек командасымен болды, бұл жерде жолдаманың қай командаға берілетіні шешілді, деп жазады Sports.kz .
Қазақстан құрамасы паркеттің иелерімен болған кездесуде 28 ұпай айырмашылықты көрсетіп, қарсыластарын 72:44 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы қазан айында Индонезияда өтетін Азия чемпионатына қатысады. Чемпионатқа дайындық шілденің ортасында басталмақ.