Қазақстанның басты жетістігі - елдің «бір команда» қағидасы бойынша дамуы - ресейлік БАҚ

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстанның басты жетістігі - елдің «бір команда» қағидасы бойынша дамуы - 130 халық пен 45 діни конфессия тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлысаралық және ұлтаралық төзімділік бірегей моделін құру. Ресейдің «Аргументы недели» газетінде жарияланған «Әркімнің дауысы маңызды» деген мақаласында осындай баға берілген.

Қазақстанның басты жетістігі - елдің «бір команда» қағидасы бойынша дамуы - ресейлік БАҚ

Басылым атап өтіп отырғандай, биылғы жылы Қазақстан алғаш рет Мемлекеттік нышандар күнін бүкіл халық болып тойлады.

«Бүгінгі күні Қазақстанның мемлекеттік нышандары бүкіл дүниежүзіне белгілі. Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың құрметті мүшесі, 2010 жылы - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс жүзіндегі төрағасы, Еуразия экономикалық қауымдастығы мен Кеден одағының «локомотивтерінің» бірі, ал келесі жылы Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық етпек», - делінген мақалада.

Газет Қазақстанның бірыңғай экономикалық кеңістік, Еуразиялық одақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі көлбеу және тік жаңа әмбебап шарт жасау жөніндегі бейбіт бастамалары арқылы әлемге танымал болып отырғанын да еске салып өткен.