Қазақстанның басым аймағында өткінші жаңбыр жауып, шаң борайды әрі күшті жел соғады

Тек республиканың шығыс бөлігі ғана антициклонның ықпалында болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, ал күндіз Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетіп, шаң борайды. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ыстық сақталады.
Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 санатты өрт қауіпі сақталады.