Қазақстанның басым бөлігі атмофералық ағымдардың ықпалында болады - 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 30 маусымда Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болады,

Қазақстанның басым бөлігі атмофералық ағымдардың ықпалында болады - 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

соған байланысты жекелеген жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Мыңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, БҚО-да құмды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады деп күтілуде.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, ШҚО-да 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында күн қатты ысиды.

Алдағы 3 тәулікте Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде ықтимал нөсерлі жаңбырға байланысты су тасқыны болады деп күтілуде, Батыс Алтайдың өзендерінде су деңгейінің артуы байқалады. Республиканың оңтүстік таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.