Қазақстанның басым бөлігінде 18 мамырда қолайсыз ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды ауа ағынының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел ұйтқиды, елдің оңтүстік батысында тұман түседі.

Қазақстанның басым бөлігінде 18 мамырда қолайсыз ауа райы сақталады

Тек оңтүстік батыста және оңтүстік шығыста күн ашық, - деп хабарлайды «Қазгидромет».

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола,Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді.

Алматы облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғады.