Қазақстанның басым бөлігінде қарлы боран соғатындығы күтілуде

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон және онымен байланысты ауа ағындары әсер етіп, кей жерлерде қар, бұрқасын және екпінді жел тұрады.
None
None

Шығыс Қазақстан аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар бұрқасындатып, жылдамдығы секундына 15-20 метрлік жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады және екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.

Алматы облысының да кей жерлерін тұман басады, ал Жалаңашкөл ауданында екпіні секундына 15-23, кей жерлерде 28 метрге жететін күшті жел сақталады.

Қызылорда облысының кей өңірінде - тұман, бұрқасын, көктайғақ.

Түнде Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне секундына 15-20 метрлік екпінді жел соғатындығы күтілуде.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым өзендерінде (Жайық, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы режім сақталып, мұздың одан әрі қалыңдауы байқалады. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде мұз қатуымен байланысты су деңгейінің ауытқуы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар