00:25, 02 Қараша 2017 | GMT +5
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжануда.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді, түнде жөне таңертен тұман болады.
Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де қатты жел соғады деп болжануда.