Қазақстанның басым өңірлерінде 17 наурызда күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында фронтальды ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жауын-шашын түсіп, жел тұрады, бұрқасын,тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қазақстанның басым өңірлерінде 17 наурызда күн ашық болады

Қостанай, Ақмола облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұрқасын, тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсуі күтілуде, түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасын, желдің жылдамдығы -15-20м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күші 15-20 м/с жел тұрады деп күтілуде, түнде және таңертең тұман.