Қазақстанның бес облысында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменттерінің басшылары қызметтерінен босатылды
АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанның бес облысында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменттерінің басшылары қызметтерінен босатылды. Бұл туралы апталық брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкіметтің 2010 жылғы мамырдың 31-і күнгі шешіміне байланысты ҚАЖК аумақтық бөлімшелері департамент болып қайта аталды. Қайта құруға байланысты, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдарынан босатылып, аталған лауазымдарға уақытша міндетін атқарушылар тағайындалды», дейді ресми өкіл.
Сонымен қатар, Әділет министрі Р.Түсіпбеков Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының департамент басшыларын, өздерінің рапорт берулеріне орай, лауазымдарынан босатты. Сондай-ақ 6 департамент бастықтарының орынбасарлары өз лауазымдарынан босатылды.