19:37, 13 Ақпан 2011 | GMT +5
Қазақстанның бірінші ханымына Орыс православие шіркеуінің «Даңқ және құрмет» ордені тапсырылды
АЛМАТЫ. 13 ақпан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Қазақстан Республикасындағы Митрополия округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр өткен сенбі күні, 12 ақпанда өзінің мерейтойын атап өткен елдің бірінші ханымы Сара Назарбаеваға шіркеудің жоғары наградасы - Орыс православие шіркеуінің «Даңқ және құрмет» орденін тапсырды.
12 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Митрополия округінің басшысы «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаеваның мерейтойына арналған салтанатқа қатысты.
«Даңқ және құрмет» орденімен шіркеуаралық және дінаралық ынтымақтастыққа, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқан мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың, шіркеулер мен конфессиялардың басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері марапатталады.