Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) бүгін жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-ден 37-орынға көтерілді.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин 166-дан 161-ге жоғарыласа, Дмитрий Попко 184-тен 195-ке, Тимофей Скатов 207-ден 231-ге сырғып кетті.

Дүниежүзілік рейтингте көшбасшы өзгерді. Ресейлік Даниил Медведев бірінші ракетка атанса, сербиялық Новак Джокович үшінші орынға түсіп қалды. Екінші сатыға германиялық Александр Зверев орналасса, испаниялық Рафаэль Надаль үздік төрттікті түйіндеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 41-орынға түсіп қалды. Александр Недовесов 64-тен 61-ге жоғарыласа, А.Бублик 184-сатыға төмендеді.

А.Бублик өткен аптада жекелей сында Штутгарт ATP 250 жарысының екінші айналымында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, ұлыбританиялық Энди Маррейге жол берген еді. Кейін осы турнирдің финалына дейін жеткен Э.Маррей жаңа рейтингіде 47-орынға шығып, қайтадан әлемдегі үздік 50 теннисшінің қатарына қосылды.

А.Бублик бүгін Лондон ATP 500 додасының алғашқы айналымында италиялық Лоренцо Музеттимен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Франциядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар