Қазақстанның бірқатар облыстарында жолдар жабылды

Ақтөбе облысында 16 ақпан сағат 14-30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының 246 ш. (Қарауылкелді ауылы) - 330 ш. (Атырау обл. шекарасы) және «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолының 92 ш. (Ембі қаласы) - 258 ш. (Шалқар қаласы) аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Алматы облысында 16 ақпан сағат 17-30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-184 шақырымында барлық көліктерге жол жабылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғак, жаңбыр, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автожолының 77-144 шақырымында автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.