Қазақстанның бірқатар өңірінде судьялар тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Президент Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Президент Жарлығына сәйкес, 8 облыстың қалалары мен аудандарындағы судьялары тағайындалды.

Ақтөбе облысы бойынша:

- Сәрсенова Данагүл Қайратқызы - Қарғалы аудандық сотының судьясы;

Алматы облысы бойынша:

- Өтегенова Жазира Әбдірәшидқызы - Қарасай аудандық сотының судьясы;

Жамбыл облысы бойынша:

- Ізбасаров Қайрат Болатұлы - Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Талас аудандық сотының судьясы;

Қарағанды облысы бойынша:

- Екзеков Талғат Тұрсынұлы - Саран қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Әлихан Бөкейхан ауданының №2 сотының судьясы;

Қостанай облысы бойынша:

- Бекбосынов Ерлан Қайратұлы - Амангелді аудандық сотының судьясы;

- Усмаев Бек-Хан Ханпашаевич - Қарабалық аудандық сотының судьясы;

- Минх Евгения Витальевна - Қостанай қалалық сотының судьясы;

- Айсенова Мәдина Зиноллақызы, Сапабекова Алина Әлиқызы - Лисаков қалалық сотының судьялары;

- Бижанов Асылхан Айдарханұлы, Жаңабаева Динара Сапарғалиқызы, Иманбаева Гүлсүм Бағдадқызы - Рудный қалалық сотының судьялары.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

- Калинина Наталья Владимировна - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның сотының судьясы;

- Зубкова Инна Викторовна - Мамлют аудандық сотының судьясы.

Түркістан облысы бойынша:

- Орынбаев Жасұлан Жұмағалиұлы - Сарыағаш аудандық сотының судьясы;

- Ақынов Жанәбіл Болатұлы - Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Түркістан қалалық сотының судьясы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

- Қалдаманова Қымбат Оразқанқызы - Шемонаиха аудандық сотының судьясы.


Соңғы жаңалықтар