Қазақстанның бірқатар өңірлерінде бағалы заттар ұрлаумен айналысқан бойжеткендер ұсталды

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдау жолымен пәтерлерге кіріп, ұрлық жасаған 18 және 20 жас аралығындағы 3 бойжеткен ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін болған баспасөз мәслихатында қалалық ІІД Тергеу жөніндегі басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков айтты.

«Жасөспірімдермен тіл табысып, сеніміне кірген бұл бойжеткендер олардың үйлеріне кіріп, ақшалай қаржыны, бағалы заттар мен бұйымдарды ұрлаған»,-деді ол.

Басқарма бастығының сөзінше, олар өздерін салық органының немесе тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері ретінде таныстырып отырған. «Бүгінде олардың 20-дан астам пәтер ұрлығын жасағаны белгілі болды»,-деді ол.

Жедел іздестіру шараларының барысында олар ұсталды. Тексеру кезінде бойжеткендер Оңтүстік Қазақстан облысының азаматшалары екені анықталды. Ұрланған бұйымдарды олар ломбардтарға өткізіп отырған. Әрбір қылмыстық эпизод бойынша келтірілген залал көлемі 180 мың теңгеден 3 миллион теңгеге дейінгі қаржыны құрайды.

Пәтерлердің бірінен аталған қыздар аңшы мылтығын да алып шыққан. Кейін оны Есіл өзеніне лақтырып жіберген.

«Өздерінің жасына қарамастан, олар Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында осы тектес бірнеше қылмыстар жасап үлгерген. Бойжеткендердің бірі бұрын сотталған және ОҚО бойынша тонау жасағаны үшін іздеуде жүрген көрінеді»,-делінген таратылған мәліметтерде.

Соңғы жаңалықтар