Қазақстанның бірқатар танымал спортшылары «Нұр Отан» қатарына өтті

амырдың 31-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның бірқатар елге танымал спортшылары «Нұр Отан» ХДП қатарына өтті.
None
None

Бүгін партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин еліміздің 15 спортшысына салтанатты түрде партиялық билетті табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партияның қатарын толықтырып, жаңадан тізімге енгендердің арасында елімізге аса танымал спортшылар - ХХІ қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елене Хрусталева, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов, жастар арасындағы Азия чемпионы, боксшы Мерей Ақшалов, таэквандодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шілманов секілді азаматтар бар.

Партия билеттерін табыс ету барысында Н. Нығматулин бүгінгі қазақстандық спортшылардың жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, бұның өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор екендігін, сондықтан да «Нұр Отан» партиясы салауатты өмір салтын дәріптеуде еліміздің танымал спортшыларына үлкен үміт артатынын жеткізді.

«Ендігі мақсат - келесі жылы өз үйімізде, Қазақстанда өтетін VII қысқы Азия ойындарында үлкен шеберлік таныту болып табылады. Біз, Қазақстан халқының сеніміне ие болған, еліміздегі ең ауқымды саяси ұйымның қатарын толықтыра отырып, сіздердің бұқараны спортқа тартуға үлкен күш-жігер танытатындарыңызға сеніммен қараймыз», деді Н. Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар