Қазақстанның болашақтағы орны мен рөлі «2050-Стратегиясының» сәтті іске асырылуына байланысты - Б.Майлыбаев

 АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Қазақстанның болашақтағы орны мен рөлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясының сәтті іске асырылуына байланысты.

Қазақстанның болашақтағы орны мен рөлі «2050-Стратегиясының» сәтті іске асырылуына байланысты - Б.Майлыбаев

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңесте Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев айтты.

«Қазақстанның болашақтағы орны мен рөлі «Қазақстан -2050» Стратегиясының сәтті іске асырылуына байланысты. Бұл елдің ең маңызды ішкі трансформацияға және жаңаруға дайындығы мен әлеуеті. Қазақстанның дамуы бұдан былай, тек бүгінгі әлемдегі ғана емес, ғасыр белесіндегі 2050 жылға дейін қалыптасатын әлемдегі бәсекелестікке бағытталатын болады»,-деді Б. Майлыбаев.

Кеңеске Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі өкілдері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен жауапты хатшылары, Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары және саясат басқармаларының бастықтары, ұлттық жоғары  оқу орындарының ректорлары, БАҚ жетекшілері қатысуда.