Қазақстанның екі облысында ауа райы салдарынан жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауы салдарынан жолдар жабылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.

Қазақстанның екі облысында ауа райы салдарынан жолдар жабылды

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім шектелуі) «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының учаскесінде (0-258-ші шақырымдар, Қандыағаш қаласы-Шалқар қаласы) және «Ақтөбе-Орск» автожолы учаскесінде (39-135-ші шақырымдар, Ш.Қалдаяқов кенті-РФ шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды.

Атырау облысында қар жауып, бұрқасын жүру салдарынан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолының учаскесінде (685-897-ші шақырымдар, Аққыстау ауылы- РФ шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабық.