Қазақстанның экономикасының орнықты дамуына - кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру арқылы

АНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың алдына жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңартуға, сөйтіп Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойылды.

Қазақстанның экономикасының орнықты дамуына - кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру арқылы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2012 жылдарға арналған қызметінің стратегиялық бағыттарына және өкілетті органның банкроттық саласындағы негізгі міндеттеріне сәйкес ең алдымен күш-жігерді қаржы-экономикалық сауықтыруға, кәсіпорындарды оңалту жолымен төлем қабілетін қалпына келтіруге бағыттау қажет, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Нақ осы оңалту шаралары өндірістің әлеуетін сақтап қана қоймай, оны жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы кеңейте түседі, мұның дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыруда маңызы зор. Бүгінгі таңда өкілетті органдардың, соның ішінде ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің алдында тұрған алғашқы кезектегі міндеттердің бірі - төлемге қабілетсіз кәсіпорындарды сыртқы бақылау және оңалту рәсімдеріне тарту. Сыртқы бақылау рәсімі борышкерлердің активтерін заңсыз шығаруға және мақсатты банкроттыққа қарсы тұру әдістерінің бірі.

Барлық  жерде, аймақтарда бұл орайда түсінік жұмыстары, семинарлар, «Төлемге қабілетсіз кәсіпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру» тақырыбына «дөңгелек үстелдер» өткізілуде, бұл шаралардың мақсаты - ҚР-ның «Банкроттық туралы» заңнамасының нормаларын түсіндіру, кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру, таратылатын кәсіпорындардың арасында оңалтылатын кәсіпорындардың үлесін көбейту және кәсіпорындардың мақсатты түрде жалған  банкроттыққа ұшырауына жол бермеу.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 40 кәсіпорын оңалту рәсімдерінен өтуде, оларда төрт жарым мыңнан астам адам еңбек етеді. Ағымдағы жылы 6 кәсіпорын оңалтудан өтті,  олардың бәрінің де нәтижелері жаман емес. Ағымдағы жылдың басынан бері оңалту рәсімдері ауқымында 452,8 млн. теңге несиелік берешектерді өтеу кейінге қалдырылды, соның ішінде бюджетке 244,6 млн. теңге қарыздар бар. Ағымдағы салықтар бойынша берешектерді өтеу 194,1 млн. теңгені құрады.

ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті оңалту рәсіміне зор көңіл бөліп отыр, оның мақсаты - кәсіпорындардың өндірістік активтерінің қалыпты жұмысын қалпына келтіру. Оңалту рәсімдерін жүргізу мерзімі - 3 жыл 6 ай. Республика экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар  табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын ұйымдар үшін сот оңалту рәсімдерін тағы екі жылға созуға құқылы.

Бүгінгі күндері әлемнің барлық елдері дағдарыстан шығу, қаржы жүйесін тұрақтандыру, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру жолдарын іздестірумен айналысуда. Бұл шараға бүкіл республикалық және аймақтық мемлекеттік құрылымдар тартылған.  Бұл орайда банкроттық институтының рөлі мен маңызы арта түседі, оның негізгі міндеті - банкроттық рәсімі арқылы төлемге қабілетсіз ұйымдарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру болып табылады. Осы мақсатпен 2008 жылдан бастап ҚР «Банкроттық туралы» Заңына төлемге қабілетсіз борышкерлерге сыртқы бақылау ұғымы негізілді, оңалту рәсімінің бірқатар өлшемдерді дәлденді.

Сыртқы бақылау рәсімдері енгізілуімен банкроттық рәсімдеріне Сыртқы бақылау әкімшісі деген қатысушы қосылды, ол борышкер басшылығының іс-қимылына бақылау жасап, оның мүлкі талан-таражға ұшырамай сақталуын қамтамасыз етеді. Дағдарысқа байланысты несиелік борыштарды төлеу, әсіресе еңбекақыны төлеу жағдайы шиеленісе түсті, сондықтан да қызметкерлердің тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуі жиіледі, соның ішінде сыртқы бақылау орнату, еңбекақысын алуға жәрдемдесу туралы өтініштер де бар.

Жыл басынан бері Қазақстанда 73 борышкер кәсіпорынға сыртқы бақылау тәртібі орнатылды. Бүгінде олардың 9-ында рәсім аяқталды, ал қалғандары бұл шараларды аяқтау қарсаңында. Сыртқы бақылау рәсімі аяқталған борышкерлер 30,1 млн. теңге көлеміндегі несиелік берешектерін өтеді.