14:34, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның экспорты өсіп келеді - Ж.Айтжанова
ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның экспорты импорттан басым болып тұр.
Министр хабарлағандай, ағымдағы жылы Қазақтанның сыртқы сауда көлемі 44 пайызға өсіп, 61,6 млрд. долларға дейін жетті. Ал Кедендік одақ аясында қазақстандық өнімнің Ресей нарығындағы үлесі 2,3 пайызға артып, 5,4 млрд. долларға дейін көтерілді. «Атап айтқанда, алкогольсіз ішімдіктер, күріш, аккумуляторлар, металл құбырлары, теледидарлар және пластмасс өнімдерінің экспорттық әлеуеті барынша байқалады», - дейді Ж.Айтжанова.