Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы еңбегінің жарқын қорытындысы - әкім Ахметжан Есімов
АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/-Қазақстанның жетістіктері бүкіл әлемде мойындалды. Бүгін бұл туралы Алматыда өткен «Ата заң-мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты конференция барысында Алматы әкімі Ахметжан Есімов айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы -біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы еңбегінің жарқын қорытындысы, оның халықаралық деңгейде биік беделінің мойындалуы, аймақтағы және жаһандық қауіпсіздікте қамтасыз етудегі көшбасшылығы» деді қала әкімі,
«Барлықтарыңызға белгілі, 11 жылдық үзілістен кейін желтоқсанның 1-2 күндері ЕҚЫҰ саммиті өтеді. Бұл айтулы шараны өткізу біздің еліміздің сыртқы саясаттағы көпжылдық еңбегінің айтулы қорытындысы болады», деді А.Есімов.