Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық барысына арналған семинар өтті

АҚТАУ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының ұйымдастыруымен семинар өтті. Онда 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге дайындық барысы талқыланды,

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық барысына арналған семинар өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семинарға қатысқан Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер ханым ұйымның тарихы мен жеткен жетістіктері және перспективалары жөнінде, сондай-ақ елордадағы осы орталықтың қызметі туралы баяндады. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің ЕҚЫҰ департаменті директорының орынбасары Арман Әбікенов Қазақстанның 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етуге дайындық барысы туралы толығырақ тоқталып өтті. Семинар соңында аталған орталықтың қызметі жайында 10 минуттық бейнефильм көрсетілді.