Қазақстанның Электр энергетикасы қауымдастығына жаңа төраға тағайындалды

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Қазақстанның Электр энергетикасы қауымдастығы (ҚЭА) Директорлар кеңесінің 2009 жылғы ақпанның 5-індегі шешімімен Қауымдастық Төрағасы лауазымы енгізіліп, осы қызметке Шәймерден Оразалинов тағайындалды,

Қазақстанның  Электр энергетикасы қауымдастығына  жаңа төраға  тағайындалды
деп хабарлады ҚазАқпаратқа қауымдастықтың баспасөз қызметінен.Алматы қаласында өткен Қазақстанның Электр энергетикасы қауымдастығы Директорлар кеңесінің мәжілісінде сондай-ақ Қауымдастыққа жаңа компанияларды қабылдау, 2008 жылғы жоспардың орындалу нәтижелері, 2009 жылға арналған бюджет жобасы, РЭК жөндеу бригадаларының жарыстары секілді салалық іс-шараларды ұйымдастыру және энергетиканың бұрынғы министрі Тимофей Иванович Батуровтың 100 жылдығын өткізу мәселелері қаралды. Қауымдастықтың негізгі міндеті ? Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласы субъектілерінің қызметін үйлестіру және олардың толыққанды жұмыс істеуіне жағдай туғызу, сондай-ақ жалпы мүдделерін ұсыну және қорғау. Қазақстанның Электр энергетикасы қауымдастығы ? энергетика кәсіпорындары мен ұйымдары заңды тұлғаларының салалық бірлестігі, электр энергетикасы саласында қызмет істейтін 30-дан аса компанияның мүддесін қорғап отыр.