20:30, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның ең үздік қазақ тілі пәнінің ұстазы Таразда тұрады
ТАРАЗ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -Тараздың мемлекеттік тіл үйрету орталығында ұстаздық ететін Алтын Әбдірахманова Астанада өткен «Қазақ тілінің ең үздік ұстазы» республикалық байқауында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі тілдерді дамыту департаменті ұйымдастырған байқуға еліміздің өңір-өңірінен 25 мұғалім қатысқан. Ақтық сынға Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Ақмола және Жамбыл облыстарының өкілдері өткен.
Жамбыл облысының ұстазы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорларынан құралған қазылар алқасының назарына қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сабағын ұсынып, бас жүлдеге ие болды.