Қазақстанның энергетика саласына Индустрия 4.0 элементтері енгізіліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергетика министрлігі Fraunhofer Фраунхофера - Индустрия 4.0 әдіснамасына сәйкес цифрландыру деңгейін анықтау үшін отын-энергетикалық кешен субъектілеріне сауалнама жүргізді. 

Қазақстанның энергетика саласына Индустрия 4.0 элементтері енгізіліп жатыр

Мұнай-газ және уран өнеркәсібін, электр энергетикасын цифрландыру бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іс-шаралар кешенінің қалай дамып жатқаны туралы ҚР Энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында айтты.

- Болат Оралұлы, ең алдымен, отын-энергетика кешені субъектілері сауалнамасының нәтижесі қандай?

- Зерттеудің нәтижелері цифрландыру саласында көп жұмыстар атқару қажеттігін көрсетті. Бұл өндірістік компанияларда қандай да бір шешім қабылдауда және жалпы цифрлық деп танылған жобаларға бастамашылық жасау мен оларды сүйемелдеуде жүйелі көзқарастың жоқтығымен баланысты.

- Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға қанша жоба кіреді? Осы туралы толығырақ айтып өтсеңіз.

- Энергетика министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - ЦҚ МБ) 8 іс-шара енгізді. Оның ішінде 3 жоба - мұзжарғыш жобалар, сондай-ақ 7 жоба іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, министрлік Smart Grid тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Цифрландыру шеңберінде еңбек ағындарының мәселесі шешімін тапты.

Цифрлық технологияларды енгізу аясында босатылған жұмыс күшінің жоқтығы туралы ЦҚ МБ іс-шаралары («Қазмұнайгаз» АҚ, «Кегок» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ) аясында ұлттық компаниялардан жауаптар алынды.

Отын-энергетикалық кешенді (бұдан әрі - ОЭК) цифрландырудың жалпы экономикалық тиімділігі 143 млрд теңге шамасында бағаланып отыр.
Сондай-ақ, «Интеллектуалдық кен орны» ақпараттық жүйесі - мұзжарғыш жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның көмегімен заманауи жүйелерді қамтамасыз ететін технологияларды қолдану арқылы мұнай өндіру процесі оңтайландырылуда. Жүзеге асыру мерзімі - 2017-2022 жылдар. Жобаның экономикалық тиімділігі 56 млрд теңгеге бағаланды. ҚР Энергетика министрлігі 2019 жылы SmartOilfield стандартын жасауды жоспарлап отыр.

- Цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қандай нәтиже береді?

- Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, оны іске асыру мұнай өндіруді 1-2% көтеруге, электр энергиясын 10-15% дейін үнемдеуге, ұңғыманы қалпына келтіру жұмыстары уақытын 8-10% қысқартуға, сондай-ақ жөндеу аралық кезеңін 8-10% арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «УАЗ» («Ембімұнайгаз» АҚ) цифрландыруды енгізу нәтижесінде бірінші жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 773 тоннаға және электр энергиясын үнемдеу 33% артты. Мұндай мысалдар өте көп.

- Енгізілген жобалар жайлы тоқталсаңыз.

- 2017 жылы «Қазатомпром-Сауран» пилоттық жобасы енгізілді. 2018 жылы пилоттық жобаның тәжірибесін ескере отырып, қалған кендерде ауқымды жоспарды аяқтау көзделіп отыр. Тағы бір жоба - Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің режимдерін басқаруды автоматтандыру («KEGOC» АҚ). Жоба электр жабдықтауға деген сенімділікті арттырады және жабдықтарға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың соңына дейін үш жүйе енгізу жоспарланып отыр.

- Сіздің салаңызда цифрландыру бойынша қандай жаңалықтар енгізіледі ?

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер қойнауы туралы кодексте мұнай айналымын жүзеге асыратын субъектілердің мұнайды есепке алу бақылау құрылғыларын орнату және Энергетика министрлігі ақпараттық жүйесінде онлайн режимде тарату бойынша міндеттемелері қарастырылады. Қазір ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде жүйені құру бойынша инвестициялық ұсыныстар келісіліп жатыр. Жоба тиісті мерзімде жүзеге аспай қалу тәуекелі бар.