Қазақстанның ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорына үлесі 1 млрд. АҚШ долларын құрайды

МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық қатысушы-мемлекеттерінің басшылары бүгін Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде бірлескен Дағдарысқа қарсы қор құру туралы келісімге қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ЕурАзЭҚ отырысына төрағалық еткен Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенконың хабарлауынша, қорға Ресей ? 7,5 млрд. доллар, Қазақстан ? 1 млрд. доллар жарна салады. «Қалған мемлекеттер бір айдың ішінде қорға қандай мөлшерде үлес қосатынын белгілейді», - деді ол. Мемлекет басшылары ЕурАзЭҚ-тың тиісті органдарына қор қызметінің мақсаттары мен бағыттарын айқын белгілеуді тапсырды. А.Лукашенко бұл қордың қаржысы «экономикалық мәселелерге байланысты төтенше жағдайларда», ерекше жағдайларда пайдаланылатынын айтты.Ресей Президенті Дмитрий Медведев қор қаржысын несие немесе тәуелсіз заем ретінде алуға болатынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар