Қазақстанның халықаралық резерві 94 млрд. долларды құраған - Қ.Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың маусымындағы жағдай бойынша, Қазақстанның халықаралық резерві 94,3 млрд. долларды құраған. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Қазақстанның халықаралық резерві 94 млрд. долларды құраған - Қ.Бишімбаев

«2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, елдің халықаралық резерві 94,3 млрд. АҚШ  долларын құрады және жыл басынан бері 3,2%-ға өсті. Оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік активтері 65,5 млрд. АҚШ долларын құрап, 3,2% өсті», - деді өз баяндамасында экономика министрі.

Қ.Бишімбаевтың айтуынша, 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, ұлттық валютадағы Ұлттық қор 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,8%-ға  ұлғайып,  25 млрд теңгені құраған екен.

«2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 319,0 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 %-ға ұлғайды», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.