Қазақстанның халықаралық резерві шілде айында 85,8 млрд долларды құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің алдын ала мәліметі бойынша, Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 2019 жылдың шілде айында 85,876 млрд АҚШ долларын құраған.

Қазақстанның халықаралық резерві шілде айында 85,8 млрд долларды құрады

Бұл көрсеткіш маусым айымен салыстырғанда 0,6%, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,42%-ке аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі шілде айында 1,84%-ке азайып (өткен жылдың басынан бері 10,43% азайған), 27,702 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резервтер көлемі 1,86% өсіп (-10,58%), 27,219 млрд доллар болған.

ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,01%-ке (+0,32%) азайып, 58,174 млрд долларды құрады.

Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 10,226 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 8,44%-ке (2018 жылдың желтоқсанынан - 38,16%-ке) төмендеген. Алтын активтердің көлемі 2,48%-ке (+21,44%) өсіп, 17,476 млрд долларды құрады.

Автор: Асхат Ахметбеков