Қазақстанның халықаралық резерві Ұлттық қордың шетел валютасын қоса алғанда 93,9 млрд. долларға жетті - Қ.Келімбетов

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық резерві Ұлттық қордың шетел валютасын қоса алғанда 93,9 млрд. долларға жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қымзетінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Қазақстанның халықаралық резерві Ұлттық қордың шетел валютасын қоса алғанда 93,9 млрд. долларға жетті - Қ.Келімбетов

«Осы жылдың аяғына дейін жалпы инфляцияның көрсеткіші 5 пайыз төңірегінде болады. Ол - соңғы 10 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш»,- деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, ұлттық валютамыздың тұрақтылығы Ұлтттық банкке халықаралық қорын одан әрі қарай арттыруға мүмкіндік берген. Қазіргі таңда Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 93,9 млрд. доллардан асып отыр. «Біз Елбасының тапсырмасына сәйкес, ендігі жылы 100 млрд. доллардан астам жалпы халықаралық резервке ие боламыз деп ойлаймын», - деді Қ.Келімбетов.