Қазақстанның халықаралық резервтері 3,9 пайызға ұлғайды
АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыз айында еліміздің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда 3,9 пайызға өсіп, 69 миллиард долларды құрады.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Бас банкирдің айтуынша, наурызда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 5,3 пайызға немесе 34,6 миллиардқа дейін ұлғайды. Ол жыл басынан бері жалпы 25 пайызға өсіп отыр. Таза валюта активтері де 5,9 пайызға өсіп, алтындағы активтер 0,8 пайызға төмендеді.
«Наурызда ақша базасы 6,8 пайызға кеңейіп, 2810,2 млрд. теңге болды», - дейді Григорий Марченко.