Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы әлем чемпионатында хорваттарды 10:1 есебімен жеңді

АСТАНА.  Желтоқсанның  15-і. ҚазАқпарат -  Қазақстанның Валерий  Кириченко  жетекшілік  ететін   хоккейден  жастар құрамасы   Польша  өтіп жатқан  әлем  чемпионатында  алғашқы жеңіске  қол жеткізді.

Қазақстанның  хоккейден  жастар құрамасы әлем чемпионатында      хорваттарды 10:1 есебімен жеңді

Олар  хорват құрамасын   10:1 есебімен ойсырата жеңді,  деп   хабарлады  Қазақстанның Шайбалы хоккей  федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық   команда бірінші  кезеңнің соңына қарай     есепті 4:0   жеткізді.    Хорватия  құрамасының   жалғыз шайбасын   үшінші кезеңде Доминик  Канает   соқты.   Содан кейін де  қазақстандықтар   қарсыластар қақпасына  шабуылын үдете  түсіп,    соғылған шайбалардың санын  онға жеткізді.