Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы Прагада өткен әлем чемпионатында өз қатысуын аяқтады
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Қазақстанның 18 жасқа дейінгі хоккейшілері бас жаттықтырушы Павел Макеровтың жетекшілігімен І топ дивизионында әлем чемпионатында өз қатысуын аяқтады,
деп хабарлайды Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының баспасөз орталығы.
Жарыс Польшаның Крыница қаласында өтті. Қорытынды бойынша біздің жастарымыз 4-ші орынды иеленді. Чемпионаттағы ең үздік команда Германия болса, екінші орынды Венгрияның хоккейшілері алды, ал үшінші орында - Польша құрамасы.
Крыницеде ҚР жастар құрамасы 5 матч өткізді: Польша-Қазақстан - 0:2, Германия-Қазақстан - 11:1, Қазақстан-Ұлбритания - 1:0, Литва-Қазақстан - 1:6, Венгрия-Қазақстан - 2:1