Қазақстанның хоккейші қыздары Франция құрамасынан жеңілді

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Словакияда шайбалы хоккейден 18 жасқа дейіңгі қыздар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кеше Франция хоккейшілерімен болған кезекті кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның хоккейші қыздары Франция құрамасынан жеңілді

Қазақстан-Франция матчі 4:1 есебімен француздықтардың басымдығымен аяқталды. Қазақстан тарапынан соғылған жалғыз голды Ажар Хамимолдинова салды.

1-ші топ ойыншылары арасында басталған Әлем біріншілігі аясында өткен басқа да матчтарды Қазақстанның хоккейші қыздары жеңіліспен аяқтағаны белгілі.

Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы - Норвегия.