Қазақстанның хоккейші қыздары Швейцария құрамасынан 1:15 есебімен жеңіліп қалды

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Словакияның Пьештяни қаласында шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстанның қыздар құрамасы кеше Швейцария құрамасымен алғашқы ойындар өткізіп, 1:15 есебімен ұтылып қалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан тарапынан соғылған жалғыз голды Елена Азанова салды.

«В» дивизионы арасында басталған Әлем біріншілігі аясында өткен басқа да матчтардың қорытындысы мынадай: Австрия - Франция - 1:4, Норвегия - Словакия - 1:5, Швейцария - Австрия - 5:2.

Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы - Словакия.

Соңғы жаңалықтар