Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның инновациялық жобалары Мәскеуде таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Инновацияның ашылуы» форумы аясында Мәскеудегі «Сколково» технопаркі аумағында Еуразия апталығы өтті.

Қазақстанның инновациялық жобалары Мәскеуде таныстырылды

Ондағы Еуразия технологиялық платформасында бес елдің (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан) инновациялық жобалары таныстырылды. Аталған көрмеде ҚР технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік Қазақстанның 10 инновациялық жобасын таныстырды. Олардың арасында "Standing" кезекті басқаратан электрондық жүйелер, "KazDATA" маркетингтік бизнес-анықтамалық,  «BilimLand» білім беру платформасы бар. Көрмеде «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг» АҚ өсімдік шикізатын өңдеу және бастапқы дәрілік заттарды өндіруге арналған  инновациялық технологияларды көрсетті. Сонымен бірге, форум қатысушылары «БО-НА» ЖШС жоғары технологиялы дезинфекциялау құралдарын өндіру жобасына, БИО-ПРОДУКТ.КЗ» ЖШС құрған биоактивті ұнтақ өндіретін дақылдарды инновациялық қайта өңдеу және өзге де жобаларға баға берді.
null 

 «НАТР» АҚ басқарма төрағасы Санжар Ізтілеуов атап өткендей, келесі жылы Еуразия аптылығы Астанада, ЭКСПО-2017 аумағында өтеді. «Инновацияның ашылуы» Мәскеу халықаралық форумының негізгі мақсаты - практикалық тәжірибе алмасу, озық ғылыми-зерттеулерді дамыту, инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа құралдарын құру. Биылғы форумға 100-ден астам ел өкілдері қатысты. 

nullnullnullnullnull