Қазақстанның Қарулы Күштері оқу-жаттығу дабылы бойынша көтерілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Қарулы Күштері және басқа әскери құралымдары дабыл бойынша көтерілді. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің жеке бақылауымен еліміздің әскери басқару органдары мен Қарулы Күштер әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі іске асырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Іс-шараны ауқымды орындау үшін Республикалық жедел штаб құрылған болатын. Қарулы Күштерден қару-жарақтармен және әскери техникалармен қатар жеке құрамнан 500-ден астам адам, сондай-ақ берілген ауданға біріккен күштер мен заттарды жөнелту үшін ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінен әскери-көліктік авиация тартылды.

Оқу-жаттығу дабылы - «Әлеуметтік сипаттағы төтенше оқиғалар туындаған кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы» оқу-жаттығуының бөлігі болып саналады. Аталған іс-шара елімізде төтенше жағдайлардың қаупі төнгенде және туындаған кезде жинақталған іс-қимыл, бірыңғай жұмыстарға мемлекеттік органдардың қабілеттілігі мен даярлық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар