Қазақстанның кәсіподақтары мен еңбекшілері Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған форум өткізді
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада Қазақстанның кәсіподақтары мен еңбекшілері ел президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған форум өткізді.
Форумға елдің барлық өңірінде экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 300-ге жуық делегат пен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Орталық аппаратының өкілдері және Парламент депутаттары қатысты
«Тәуелсіздік орнағаннан бері Қазақстан еңбек адамының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау іске асырылған, достық пен ұлтааралық келісім орнаған тұрақты да, дамыған мемлекетке айналды. Бүгінгі ұрпақтың өмірі, дәуір мен дәуір, ғасыр мен ғасыр алмасып, заман өзгеріп жатқан тұсқа тура келді. Бірақ үлкен қиыншылықтарды жеңіп, жаңа дәуірдің есігін аштық. Еліміздің ынтымағына қазір жер жаһанның барлығы қызығып отыр. Жер-жерлерде табиғи апаттар мен түрлі шиеленіс қақтығыстар болып, топан су басуда, кейбір елдер дағдарыстан еңсесін көтере алмай жатыр. Егемендік алғалы әлемдік мемлекеттердің қатарынан орын алуға ұмтылып, мемлекетіміздің тұтастығын сақтап, іргелі ел болғанымыз дәлелдеп жатпайтын ақиқат. Осының бәрі ынтымақтың, Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі, айрандай ұйыған ел бірілігінің арқасы», - деп атап өтті Қазақстан Кәсіподақтары қауымдастығының төрағасы Сиязбек Мұқашев.
Қазақстан еңбекшілері мемлекетті әрі қарай саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту бойынша Президенттің бағдарламалық мақсаттарын, соның ішінде 2020 жылға дейінгі елді дамытудың стратегиялық жоспарын қолдайтындықтарын білдірді.
Олардың айтуынша, аграрлық сеткорды дамытудың теңдессіз жобасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы және Энергиялық тиімділіктің кешенді жоспары, көлік, металлургия мен машина жасауда, мұнай-газ кешені мен мұнай-химияда өндірісті арттыруға ынталандырады және жүздеген мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сондықтан да, өздерінің келешекке деген жарқын үміттерін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыратынын қадап айтты.
Форум соңында Қазақстанның барлық еңбекшілері мен кәсіподақ мүшелеріне арналған, алдағы сайлауда президенттікке үміткер Н.Назарбаевты қолдауға шақыратын Үндеу қабылданды.